Жаңа жоба қолға алынбақ

Oinet.kz 01-05-2020 731

Screenshot_27.png

Енді Шымкент қаласының тұрғындары қоғамдық көліктегі жол ақысын қолма-қол төлемейді. Яғни, өзге де мегаполис халқы секілді электронды карточкамен төлемек. 

Арнайы брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қаладағы қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау, қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу туралы жан-жақты мәлімет берді.

– Қаламыздағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу жоспарлануда. Жоба «QazSmartTrans» ЖШС жеке инвесторлар есебінен іске асырылады. Ол жүйе биыл іске қосылмақ. Бүгінгі таңда, жүйені енгізу үшін 24 көлік компаниясымен шарт жасалды, қазір автобустарға кабель мен сымдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке көлік карталарын шығару үшін, қоғамдық көлікте тегін жүретін әлеуметтік санаттарға жататын азаматтар, жоғары оқу орындарында оқитын студенттер, мектеп және орта арнаулы оқу орындарындағы оқушылар туралы деректер жинақталуда, - деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Айта кетейік, карантин біткеннен кейін қоғамдық  көліктер өз жұмысын бастайтын болады. Олар электронды төлем жүйесіне біртіндеп өтетін болады. 


Ауруды жеңіп шықты
Дәстүр – ұлттық қазына
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу