Дәстүр – ұлттық қазына

Oinet.kz 01-05-2020 801

Screenshot_28.png

Шымқалада онлайн іс-шаралар қарқыны күннен күнге арта түсті.  Бұған дейін қаладағы әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы «Қлы даланың жеті қыры»  мақаласы аясында  «Ұлттық киімдер», «Қыз тәрбиесі», «Құрсақ шашу», «Тұсау кесер», «Жылқы мәдениеті секілді түрлі тақырыптарды қаузап, халықтың танымын кеңейтуді қолға алған еді. Енді міне  "Құрақ - қазақ қолөнерінің қазынасы" тақырыбы елге кеңінен түсіндірілді. 

Тікелей эфирді жүргізген әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғылыми қызметкері Дана Мамекова. 

«Қазақтың қолөнерінің өмірге келуі халықтың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты. Құрақ – ерте заманнан келе жатқан өнер. Египеттің мұражайларында қарақұйрық терісінен құрап тігілген өрнектер әлі күнге дейін сақталса, ал Токионың мұражайларының бірінде асыл тастар мен түрлі маталардың қиындыларынан құрап тігілген әлі күнге дейін сақтаулы. Сол секілді қазақ халқында да бабаларымыздан қалған ең асыл мұра болып табылады»,- дейді Дана Мамекова.

«Дәстүр дәрістері» айдары бойынша салт-дәстүр орталығының қызметкерлері жарыса видео жолдады. Олар қала тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдаланып, түрлі материалдармен бөлісіп, рухани танымын арттыруға септіктерін тигізді. Осылайша, 57 онлайн іс-шаралар сәуірдің 13-19 аралығында өтті. Көрермендер үшін тиімді болсын деген ниетпен ұйымдастырушылар Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде өтіп, артынша сақталып отырды. Нақты уақытында кіріп көре алмаған халық кейіннен тамашалай алуына болады. 


Жаңа жоба қолға алынбақ
Дәстүрді дәріптеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу