Ауруды жеңіп шықты

Oinet.kz 01-05-2020 864

Screenshot_26.png

Шымкентте тағы бір науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққан 1994 жылғы азамат қаладағы «Солтүстік Батыс» шағынауданының тұрғыны.

Дертінен сауыққан жігіт 5 сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуымен түскен. Инфекция жұқтырған  25 жасар азамат вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ, дейді мамандар.   

Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 22 сәуір күні ауруханадан шығарылды.  

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 17 науқас дертінен айығып шықты.

Жалпы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан 86 пациенттің жағдайы тұрақты, оның үшеуі жан сақтау бөлімінде жатыр, бір азамат ИВЛ аппаратына қосылған.

Шымкент қаласы бойынша барлығы 57 ошақ тіркелді, 5 ошақтан карантин алынды (Самал-1, Тайманов көшесі; Төреқұлов көшесі; Мақталы көшесі, 8-ш/а, Желтоқсан 3А).

Бұған дейін 20 сәуір күні коронавирус инфекциясынан 4 азамат жазылып, ауруханадан шығарылған болатын. Оның үшеуі бір отбасының мүшелері. Араларында екі айлық сәби де дертінен сауығып шықты.

Сондай-ақ, Түркістан облысынан 6 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 1972 жылы туған азамат ауыр халде қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған еді. Бір апта бойы дәрігерлер реанимация бөлімінде болған науқастың өмірі үшін күресіп, оң нәтижеге қол жеткізді. 20 сәуірде науқас сауығып, үйіне шығарылды.


 


Шымкенттік ғалымдар антисептик ойлап тапты
Жаңа жоба қолға алынбақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу