Республикалық үгіт-насихат штабының өкілдері арыстық ағайынмен кездесті
Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан
құрылған республикалық ақпараттық үгіт-насихат Штабының өкілдері Арыс
қаласына арнайы келіп, аудан активіне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын
жүргізді.
Парасаттылық принциптері кең көлемде дәріптелген
келелі жиынға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Р.Айтбаев пен аудан
активтері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының
кеңесшісі, Республикалық үгіт-насихат Штабының Төрайымы Ы.Тұрсынзада
мен Агенттіктің өкілі А.Бердалин және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының
бірінші орынбасары Ғ.Асанұлы қатысты.
Кездесу барысында
ел ішімен етене араласып, халық үніне құлақ түруді көздеген Штаб
мүшелері мемлекетіміздің бәсекелестік қабілетін бәсеңдетіп, ел
экономикасын тұралататын қауіпті дертке қоғам болып қарсы күрес
жүргізудің қажеттілігін атап өтті.
Сонымен қатар,
парасаттылық адал қоғамды қалыптастыруға негіз болатын құнды қасиет
екенін жіті түсіндіріп, атадан қалған асыл құндылықтарды дәріптеу арқылы
әлеуметтік кеселдің алдын алу – бүгінгі күннің басты талабы екенін
тілге тиек етті.
Ашық диалогтық форматта өрбіген ағартушылық
жиында сөз алған Штаб төрайымы Ы.Тұрсынзада игілікті іске құрылған
үгіт-насихат Штабының мемлекет алдындағы маңыздылығын айрықша атап өтті.
Сондай-ақ, Штаб өкілдері Арыс қаласының басшылық құрамына
қазақтың болмысында бағзыдан қалыптқасқан ізгі қасиеттерді жаңғыртып,
адалдықты арқау етуге үндеді.
Айта кетсек, өткен жылдың қараша
айында өз жұмысын бастаған республикалық ақпараттық-ағарту Штабының
Түркістан облысындағы мүшелері де облысқа қарасты аудан-қала
тұрғындарымен жүзбе-жүз кездесіп, бүгінгі күні түсіндіру әрі насихаттау
жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.