​ҰҚК қызметкерлері түркістандық тұрғынды не үшін ұстады?

Oinet.kz 27-01-2020 1360

                               ҰҚК  қызметкерлері түркістандық тұрғынды не үшін ұстады?                                                   

Түркістан облысы, Келес ауданында ҰҚК қызметкерлерімен терроризмді насихаттады деген күдікпен жергілікті азамат  ұсталды. Elitar.kz порталының сенімді дереккөзінің мәліметінше, Келес ауданының 56 жастағы тұрғынына ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы, 2-тармағы (Терроризмді насихаттап, террорлық акт жасауға үгіттеу) бойынша айып тағылып отыр.  

Тінту барысында күдіктіден Қазақстанда рұқсат етілмеген теріс ағымды насихаттайтын 8 діни кітап табылды. Арнайы операцияның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.


Төлеби ауданында тұтастай бір отбасы газдан уланды
Республикалық үгіт-насихат штабының өкілдері арыстық ағайынмен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу