Жеті жағдайда сөз қозғама!
«Басқа пәле тілден», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген қазақ мақалдары тегін айтылмаса керек-ті немесе
«Не сөйлейтініңді біл
Кімге сөйлейтініңді біл
Қай жерде сөйлейтініңді біл
Қай кезде сөйлейтініңді біл
Қалай сөйлейтініңді біл.
Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады!» деген Бөлтірік шешеннің бағасы биік сөздері қашанда есте тұрады, еркімен кетіп есіріп сөйлегендерді көргенде еріксіз еске оралады. «Сөз қадірі өз қадірің» деп білетін қазақ жеті жағдайда сөз қозғамау керектігін нұсқайды. Ұмытпаңыз!
1. Кедейдің қасында дүниең туралы.
2. Науқастың алдында деніңнің саулығы туралы.
3. Әлсіздің алдына күш-қуатың жайлы.
4. Жолы болмай жүрген кісінің алдында бақытты екенің жайлы.
5. Түрмедегі кісінің алдында бостандығың туралы.
6. Бедеу кісінің алдында балаларың туралы.
7. Жетімнің алдында әке-шешең туралы.
Дереккөз : anabol.kz