Аллергия қалай пайда болады?

Oinet.kz 06-03-2019 1131

0_1550825598.0585.jpg

Аллергия – ағзаның, иммундық жүйесі белгілі бір заттарға кері әсер беруі. Бұл термин мен анықтама аллергияны сипаттауға аздық етеді. Басынан өткергендер бұл жағдайды ауызекі тілде «көзім жасаурайды», «тері қышиды», «ұсақ жаралар шығып кетеді», «мұрнымнан су тоқтамайды», «бет-аузым қышиды» деп сипаттайды. Қысқасын айтқанда,  аллергияның ешкімге ұнамасы анық. Толығырақ: massaget.kz


Аллергияның себебі

Егер сіздің аллергияңыз көктемнің ортасынан күз ортасына дейін жалғасса, онда сіз поллигоз аллергиясына шалдыққансыз. Поллигоз аллергиясы – өсімдіктің тозаңынан пайда болатын аллергияның бір түрі.

Ағаштың, талдың, шөптің тозаңы мұрынға «қонады», иммундық жүйе оны бөгде зат ретінде қабылдайды. Соның әсерінен вирусқа не бактерияға тән, ал ағза бөтен затты шығарудың жолын іздейді. Қанда гистамин атты биологиялық белсенді зат пайда болады, одан жөтел, түшкіру, тұмау пайда болады, көзден жас та ағады.

Негізі аллергия ауру деп есептелмейді, бұл – бөгде затқа жауап беретін ағзаның ерекше күйі.

Ағзаның мұндай жеке реакциясын адам бойынан алып тастау мүмкін бе? Жоқ, осыған келгенде медицина қауқарсыз. Бірақ, белгілі бір уақытқа дейін емдеуге және оның алдын алуға болады.

Аллергиясы бар адамның жанында жүріп, «аллергия жұқтырып алам» деп ойламасаңыз да болады. Ал аллергиясы бар адам өзге аллергендерге бейім  болады.

Аллергияны қоздыратын заттар:

  • қоршаған орта ластығы; 

  • күйзеліс; 

  • әлсіз иммунитет; 

  • темекі; 

  • антибиотик; 

  • дұрыс тамақтанбау;

Жыл мезгілдерінде өзіңізді бақылап, ағзаңызға не жағып, не жақпайтынын білуіңізге болады. Негізінен аллергия көктем мезгілінде ағаш тозаңдарынан, жазда шөптерден, күзде арамшөптерден «дами түседі».

Әлемде жүзден астам аллергия тозаңдары кездеседі, сол үшін дәрігерге көрініп, сол жүздің ішінде қайсысы сіздің мазаңызды алып жүргенін білуіңіз керек. Оның алдын алып, емдік шараларын жасаған абзал. Емдік шарасын ендігі жазбамыздан оқи аласыздар.

Дереккөз : anabol.kz

Кальций элементінің қандай пайдасы бар?
Жүрек ауруы қалай пайда болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу