Кесарь тілігінен кейін ананың өзіне босануға болады ма?
Көптеген аналар кесарь тілігінен кейін табиғи жолмен босануға болады ма деп алаңдап, қызығушылық танытады. Оқырман тарапынан жолданған сауалға бүгін N 11 қалалық емхананың акушер-дәрігері, жоғары санатты акушер-гинеколог Сәуле Нұрғалиева жауап береді.
Кесарь тілігінен кейін табиғи жолмен босануға болады. Бірақ мұның алдында ( бірінші босану кезінде) қандай көрсетілімдерге сүйеніп, кесарь тілігінің жасалғаны және қазіргі жүктіліктің даму жағдайына тәуелді .
Алдыңғы кесарь тілігінен кейін қынап арқылы босануға қарсы көрсетілім
- алдыңғы абдоминалдық классикалық кесарь тілігі немесе жатырдағы якорь тілігі;
-жатырдың жыртылуы;
-іштегі нәрестенің көлденең немесе қисық жатуы;
- туу үшін табиғи туу жолдарындағы кез-келген қарсы көрсетілімдер;
- бала жолдасының жатыр тыртығы аумағында орналасуы;
Алдыңғы болып өткен кесарь тілігінен кейін қынап арқылы босануға қарсы салыстырмалы көрсетілімдер
- іштегі нәрестенің болжалды салмағы-4000гр;
- жатырдағы белгісіз тілік;
- кесерь тілігінен кейінгі жатырдағы бір тыртық;
-баланың жамбаспен келуі;
- көпұрықтық жүктілік;
- әйелдің табиғи босанудан бас тартуы;
Кесарь тілігінен кейін босануға дайындалу үшін кеңестер:
Алдағы босануға дайындықтың ең маңыздысы, психологиялық мәселелер. Өйткені, көп жағдайда кесарь тілігімен босанған әйелдің санасында табиғи жолмен босана алмаймын деген ой қалыптасып қалады. Бірақ жүкті әйел оны өзі де аңғармайды.Соған өзін сендірген әйел табиғи жолмен босана алатынына сенбейді. Оның сенімі қаншалықты күшті болса, кесарь тілігінсіз босануға деген мүмкіндік те соншалықты кемиді. Сондықтан ол өзінің санасындағы осы ойды барынша «қайта бағдарлауға» талпынуы керек. Керісінше , әйел өзінің сөзсіз табиғи жолмен босанатына және одан балаға ешқандай қауіп келмейтініне сенуі тиіс. Босану, көну, мойынсұну. Жүкті әйел кез-келген нәрсенің кездейсоқтықтан болмайтынын білуі керек. Кесарь тілігін жасау қажет болды ма, жоқ па, бұл жағдайға ана мен бала тікелей қатысады. Әйел өзінің өткен жолғы қателігі үшін өзін кінәлі сезінбеуі тиіс, керісінше табиғи жолмен босануға деген өз бойында тұншыққан құлшынысына серпін болуы тиіс. «Енді өзім босанамын,»- деп өзінің кесарь тілігінсіз босануға көзқарасын, оның нені білдіретінін сезінеді.
Кесарь тілігінен кейін босанатын әйелге анестезия немесе ауруды жеңілдететін дәрі-дәрмектерді қолдануға болмайды. Себебі әйелдің қалыпты толғақ кезіндегі ауырсынуды сезбейді.
Кесарь тілігімен босанғаннан кейін әйелдер жатыр мойнағының ашылуы 7 см жеткенде, қатты үрейленеді. Бұл кезде толғақтың орташа ұзақтығы 1 минутқа созылып, 1-2 минут үзіліспен қайталанып, ауырсынуы ұзаққа созылады. Бұл кезде нәрестенің басы жатыр мойнағын, кейде тоқ ішекті қатты қысады. Әйел төменге қарай, жамбасқа тереңірек тартқан қысымды сезінеді.Дәл осы сәтте босанатын ана өзінің сәбиін өмірге әкелетінін ұмытып, ертерек бұл азаптан құтылып, босанғысы келеді. Ол сабырлылық танытып, өзін алда қандай қиындықтар күтіп тұрғанын түсінуі керек.
Жатыр ашылуының өтпелі кезеңі- ол өте үлкен көнбістікті қажет ететін кезең. Әйел осы сәтте белді бекем буу керек, оның қиын кездегі әрбір әрекеті босанудың нәтижесін айқындайды. Егер ол өзін бір-екі сағат шыдауға мәжбүрлесе, құрсағындағы сәбидің аман-есен туылуына көмектеседі.
Дереккөз : anabol.kz