Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Электр розеткалары немесе қорғалмаған электр кабельдер балаларға қауіп төндіреді. Әсіресе, бір жасқа дейінгі балаларда тоқ соғу қаупі жоғары болады. Олар үйдің айналасын қызығушылықпен аралап, айналасындағы барлық заттарға қызығады. Электр тоғының соғуы ауыр жарақаттарға алып келуі мүмкін. Бұл мақалады сіз төтенше жағдайларда қалай әрекет етуге болатындығы жайлы оқи аласыз.
Тоқ соғу: баланы қалай қорғау қажет?
Балаларды тоқ соғудан қорғау үшін ата-аналардың қырағылығы мен көрегендігі жеткілікті. Бұл дегеніміз, үйдегі барлық кабельдерді жасырын орналастырылып, барлық электр розеткаларына қақпақтар орнату керектігін білдіреді.
Тоқ соққан жағдайда не болады?
Электр тоғы зақымдаған жерде жиі құрысулар пайда болады.
Тоқ соққан жерде күйік пайда болады.
Есінен тануы ықтимал.
Өте нашар жағдайда – жүрегі тоқтап қалады.
Тоқ соққан жағдайдағы алғашқы көмек
Есте сақтаңыз! Алғашқы медициналық көмек көрсету алдында барлық тоқ тізбектерін өшіріңіз. Бұндай мүмкіндік болмаса, баланы электр тоғын өткізбейтін материалдан жасалған затпен итеріп, тоқтан ажыратыңыз. Ағаш немесе спыртқы сынды заттарды пайдалануыңызға болады. Өзіңізді қорғау үшін, сіз қалың қағаз немесе резеңке қолғап киюіңіз қажет.
Барлық тоқ тізбектері өшірілгенде ғана балаға жақындап, қол тигізуге болады. Тоқ өшпей тұрып баланы жалаң қолмен ұстасаңыз, өзіңізді де тоқ соғады. Баланы тоқтан ажыратқан бойда “жедел жәрдем” шақырыңыз.
Баланың тыныс алып, жүрегі соғып тұрғанына көз жеткізіңіз. Жүрек және тыныс алуы тоқтаған жағдайда жасанды тыныс беріп көріңіз.
Бала жай есін жоғалтып, бірақ тыныс алып жатса, баланы тегіс жерге жатқызыңыз.
Тоқтың өту орыны анықтаңыз. Әдетте, олар екеу болады. Мүмкіндігінше тездетіп, күйген жерді суытып, стерильді шүберек қойыңыз.
Терезені ашып, баланы таза ауамен қамтамасыз етіңіз.
Біріншіден ойланып, содан кейін әрекет етіңіз!
Барлық төтенше жағдайларда сабырлық сақтап, ақылмен әрекет етіңіз. Егер сіз балаға асығыс шешім қабылдап, ойланбай көмектессеңіз, оған үлкен қауіп төнуі мүмкін. Негізгі ереже: тез ойланып, дұрыс әрекет ету!
Дереккөз : anabol.kz