Тәуелсіздікпен құрдас болғанымды мақтан тұтамын!

Oinet.kz 04-12-2017 969

Мен Кеңес Одағының іргесі сөгіліп, Қазақстанда елеулі саяси өзгерістер орын алып жатқан тұста дүниеге келген екенмін. Яғни, мен – Тәуелсіздік құрдасымын. Ата-анам айтады, сол жылы әрбір қазақ отбасы таң азанымен ерте оянатын болыпты. Себебі, олар арайлап атқан тәуелсіздік таңына куә болғысы келіпті. Сол тұста Қазақстан өз Тәуелсіздігі үшін күресті. Бұл күрес жанкештілікпен емес, асқан сабыр, асқан шыдаммен жүргізілді. Шешімді жеті рет өлшеп, бір рет кескен. Кейде ойлаймын, Тәуелсіздікті әдейі желтоқсан айының бел ортасында қабылдады ма деп. Себебі, 1986 жылы 17-18 желтоқсан күндері қазақ жастары көтеріліске шықты. Бұл - тәуелсіздікті аңсаған ұлтжанды қазақ жастарының талай жылдан бері іште буырқанып жатқан жанайқайы еді. Нәтижесінде, осы бір тарихи маңызы зор көтерілістен соң, Кеңес Одағының күйі кері бастады. Кісі есігінде жалтақтамай, өз үйінде емін-еркін өскен бала нағыз демократ болмай ма? Әлемдік өркениетке бет бұрған заманда қоғамға еркін ойлы азаматтар керек-ақ. Мұндай азаматтар көбейгенде ғана ел ішінде тұрақтылық орнайды. Тұрақтылық орнаған жерде – даму үрдісі жүреді.

Screenshot_29.jpg

Сондықтан да, Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Біз үшін Тәуелсіздік күні - ең қастерлі күн. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды, бұл даусыз фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс»,- деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр. Және ең бастысы мемлеетіміздің тәуелсіздігі – халқымыздың бақыты. Егемендік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы басым мақсаттар - егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болса, бүгінде қазақ халқы өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, оны өскелең ұрпаққа насихаттауға ерекше көңіл бөлу керек. Тәуелсіздік - ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік - арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Осы бір қасиетті де қастерлі күні сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өмір мен уақытқа кестірген  кезден бастап, осынау жиырма төрт жылдың бедерінде  айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» деп Елбасы айтпақшы, Қазақстанды бүкіл әлем таныды. 

Бізд тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиындықтарды бастан өткердік. Енді осы тәуелсіздікті  қадірлеп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, экономиканы ары қарай дамытуға, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етуіміз керек.

Бауыржан Асылбек,

Мақтарал ауданы

Біз өзі қандай елде өмір сүріп жүрміз?
Саттар Қуашбай. Елдің еркіндігін жырға қосып жүрмін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу