Спорт күйзелісті жеңеді
Адам өзін бақытты, қуанышты сезіну үшін не істеу керек? Дәрі-дәрмексіз күйзелісті емдеудің жолы бар ма?
Көптеген әйел заты үнемі күйзелісте жүретінін байқадыңыз ба? Неліктен? Тұрмыс жайы, жұмыс, үй шаруасы кез келген адамды шаршатады. Алайда мұның бәріне ем болатын бір нәрсе бар. Ол – спорт.
Гормондар
Әдетте күйзеліс ағзаға дофамин мен серотонин жетіспеуінен болады. Алайда өмір бойы гормон толтыратын дәрі-дәрмек ішіп жүре бергің келмейді. Сонымен қатар антидеприсанттардың жаман әсері де болады. Артық салмақ қосылып, ұйқышылдық пайда болып, ойлау қабілеті төмендеуі мүмкін.
Сол себепті дәрінің орнына ең болмағанда жүгіруді бастаңыз. 30 минут жүгірудің арқасында күйзелісті емдейтін эндорфиндер бөлінеді.
Эндорфин - «бақыт» гормоны. Интенсивті жаттығу барысында адам ағзасында эндорфин көп бөлінеді. Қалай десеңіз, бұлшықеттер жұмыс істегенде қатайып, ауыра бастайды. Сол кезде адреналин гормоны бөлінеді. Ауруды азайтып, шаршаңқы күй мен адреналинді басу үшін эндорфиндер бөлінеді. Ол денені босаңсытады. Бұл бар болғаны 30 минуттық жаттығудың нәтижесі.
Психика
Гормоналды жүйемен қатар психологиялық күй жайлы да ұмытпауымыз керек. Спорт өзіңе деген сенім қалыптасырып, мақсатқа талпыну тәртібін нақтай түседі. Нәтижесінде адам өзінің эмоционалды жағдайын билеп, белгілі бір жерде, ситуацияда өзін ұстай алатын болады. Өзінің күші мен қабілетіне сене бастайды. Бұл депрессияға шалдыққан адамның күйіне қарсы әрекет етеді. Спорттың көмегімен сіз негативті эмоциялар мен ойлардан арыласыз.
Физикалық денсаулық
Спортпен айналысатын адамдар өз денесіне көңілі толып, жақсы көре бастайды. Әрбір бұлшықеті мен тамырына дейін сезуді үйренеді. Спорт көптеген ауруды емдейді. Нақтырақ айтқанда, иммунитетті нығайтып, зат алмасу үдерісін қалыпқа келтіреді. Физикалық жаттығулардың арқасында адам терең тыныс алуға дағдыланады. Мұның арқасында оттек қанға енеді. Терең тыныс алу қабілеті ашу мен ызаны басады.
Жаттығудан кейін ұзақ уақыт көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады.
Егер жұмысыңыз ауыр болса немесе 9 ай оқудан кейін өзіңізді шаршаңқы сезінсеңіз, спортпен шұғылдана бастаңыз. Бұл да демалыстың бір түрі. Себебі спорт жүйке жүйесін қалыпқа келтіретін қасиетке ие.
Дереккөз: vk.com/Қыздарға пайдалы кеңестер