Жігітті алғашқы кездесуде баурап алғыңыз келсе...
Қалай сүйкімділігіңізбен сүйсіндіріп, бірден баурап алуға болады? Бейтаныс жанның көңілін қалай табасыз? Психолог Күлмаш Елшібаева жігітті алғашқы кездесуде-ақ баурап алудың жолдарын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы
Кез-келген жігіт алғашқы кездесуде сыртқы болмысыңызға қарап баға береді.
Тым ақылды не салмақты болып көрінуге тырыспаңыз. Данышпансып сөйлеп өзіңізге қызықтыра алмауыңыз мүмкін. Ештеңеге түсінбейтін сәбидің әр нәрсені білуге талпынғаны, таңырқағаны қандай сүйкімді?! Жігіт қасында отырған қызды таңқалдыра алса, өзін әжептәуір есті сезінетіні де сонда. Дегенмен, абай болыңыз, мүләйіпсіп «түкке түсінбей» қалып жүрмеңіз. Наздана сөйлеу мен орынды еркелік арқылы да қалаған жігітіңіздің көңілін баурай аласыз. Бәрін өзі жайғастыра алатын, біреудің көмегіне мұқтаждығы жоқ қайсар арудан гөрі нәзік жанды, дәрменсіз қызға қорғаныш болу қандай жігітке болмасын жағымды әсер қалдырады. Дәрменсіздіктің жөні осы екен деп бар сырыңызды ақтарып салудан аулақ болыңыз. Проблемасы көп бойжеткендер де жігіттің қызығушылығын су сепкендей басады.
Тағы да ескертеміз, ұсыныс жасау тек жігіттің міндеті емес. Егер бір жерге барғыңыз келсе, қонақжайлық танытып өзіңіз шақыруыңызға болады. Жігіттің намысына тиіп қалмаңыз, егер ол ыңғайсызданып өзі алып барғысы келсе, «алда талай кездесу бар, шақыруға үлгеретінін» ескертіңіз. Бас салып, оған ескерту жасай көрмеңіз, оның кемшілігі туралы көпке дейін жақ ашпауға болады. Кездесуден кейін шығарып салсын, әйтпесе, сіздей керемет қыздың тағы біреуі бар деген ойға келуі ықтимал. Егер таңдағаныңызбен бірге болғыңыз келсе, орынсыз күдікке жол бермеңіз
Дереккөз : anabol.kz