Ерніне қарап жұбыңызды қателеспей тани біліңіз

Oinet.kz 28-02-2019 1030

600-1476217141-6e79e5a421.jpg

Ерінге қарап,ішкі жан тербелісін байқауға болады. Өзгермелі көңіл-күй мен қатар,ерінге қарап тұлғаның тұрақты ерекшеліктеріне де көз жеткізуге болады. Мұны дәлелдеп көрейік, төменде келтірілген ерін пішіндерінің ішінен сізге сәйкес келетінін таңдап алыңыз.

               1. Шырынды еріндер.

               2. Ұстамды еріндер. 

               3. Жіп тәрізді еріндер.

               4. Бантик тәрізді еріндер.

               5. Үйшік тәрізді еріндер.

               6. Жүрекше тәрізді еріндер.

               7. Томпақ еріндер.

               8. Сезімтал еріндер.

1.Шырынды еріндер.

  Мұндай пішінді еріндер көбінесе жер шарымыздың оңтүстік бөлігінде тұратын тұрғындарға тән келеді. Сезімтал,өркөкірек.Бірақ уақыт өтісімен,эмоцияларыңыз басылмағаннан соң ғана сіз жағдайға объективті көзқараспен қарай аласыз.

2.Ұстамды еріндер.

  Сіздің еріндеріңізге қарап,сонша терең сезімдерді бастан кешіре алатын қабілетіңізге сену қиын.Оның себебі,сіз тым байсалды,әрі салмақты болып көрінесіз.Бірақ расында да бұл олай емес.Сіз көрінгенге өз сезімдеріңізді көрсетіп,көңіл ақтаруды қаламайсыз.Өмірде жорамалдау мен есептеуге ерекше мән бересіз.

3.Жіпше тәріздес еріндер.

  Жанымыздағы махаббат пен жек көру сезімдерін бөліп тұратын шекара тым әлсіз.Бір мезеттік көңіл-күйіңіздің әсерімен сіз таныс адамдарға қатынасыңызды оп-оңай өзгерте аласыз

Өз уайымдарыңызды сәтті шешу ,сіздің сыртқы әлеммен қарым-қатынастарыңыздың эмоциялық сырына тікелей қатысты болады.Өзіңіз таңдау жасаңыз:Сізге бауыр басу мен сезімталдық немесе уайым мен реніштер жақын ба?

4.Бантик тәрізді еріндер.

  Сіз адамдық қарым-қатыныстың тым әсершілсіз.Жайлылық,комфорт пен ыңғайлылықты жаныңыз сүйеді және сіз оларды құрай алатын адамдарды жаныңызға жақын ұстағанды жөн көресіз.Ерініңіздің жұмсақтығы сіз туралы қате пікірге әкеледі,сіз өз қызығушылықтарыңызға қауіп төнгенге дейін ғана мейрімдісіз.Сіз қарым-қатынас жасауға таңдау жолымен барасыз және санға қарағанда сапаға көп мән бересіз.

5.Үйшік тәріздес еріндер.

  Бір рет ашуыңызға келген адам,екінші рет шыдамыңызды сынауға бармайтыны сөзсіз.Сіз қатты бауыр басуды бағалайсыз,сондықтан суық,сезімсіз адамдардан алшақ жүруді қалайсыз.Сіздің құпиялы жаратылысыңыз сізді бұрыннан танитын адамдарыңызды да таң қалдырады.Дегенмен,сіз туралы басқалардың пікірі маңызды емес.

6.Жүрекше тәріздес еріндер.       

  Мұндай пішінді еріндер оптимисті адамдарда кездеседі олардың жаңа достарды табуы және ешбір қиындықсыз оларды ауыстыру қасиетіне қызығып қарауға болады.Сіз күтпеген жағдайларға бірден бейімделіп,барлығының көңілін өзіңізге қаратуға бейімсіз.Бірақ сіз мінездің пысықтығын тік мінезбен жиі шатастырып, қиындықтарға кездесесіз

7.Томпақ тәріздес еріндер.

  Сіздің томпақ тіпті балалық еірніңіз көңілді және мейрімді етіп көрсетеді.Бірақ бұл қате түсінік.Жақындарыңыз мінезіңіздің беріктігін және шексіз қырсықтығыңызды бастан кешірген болу керек.Әрине сырттай барлығы жағымды болып көрінеді.Сіз бір қарсы сөз қайтармай,сабырлықтың кейпінде боласыз.Дегенмен,іштей,сіздің бағалаудағы беріктігіңіз бен тұрақтылығыңызға және өзіңіздің көзқарасыңызға жат келетін пікірлердің барлығына қарсы келу қасиетіңізге таң қалуға болады.

8.Сезімтал тәріздес  еріндер.

  Сезімдеріңізді білдіруде сіздің ашықтығыңыз бен сізді жеңілтек деген қате ойға әкеледі.Шындығында,сіз өте сезімтал және сенгіш,аңқау келесіз.Ия,сіз ойланбай артық нәрсені айтып қалуыңыз мүмкін.Бірақ,өзіңіздің қатеңізді түсініп,кешірім сұрауға немесе ыңғайсыз жағдайды жөндеуге тырысасыз.Сізді жеңілтек,ұшқалақ деп ойлаған және достық сеніміңізді ақтамаған адам сіздің жүрегіңізге апарар жолды мәңгілікке жоғалтып алады.

Ерніне үңіліп көріңіз....

  • Қалың,томпақ ерінділер табиғаты соншалық әуесшіл,ынтықшыл,қажырлы,құмартқыш,ғашық болғыш келеді.

  • Толықтығы,томпақтығы орташа ерін иесінің рахымды,ізгі қылықты,таза мінез-құлықты,сенімді тұлға екенін білдіреді.

  • Жұқа ерінділер өмірге шындық тұрғысынан қарайды,ақылға салып,кесіп-пішеді.Сонымен бірге,олар тәртіпті,жинақылықты ұнатады және алға қойған мақсатына жету үшін керемет табандылық көрсете алады.

  • Бантик тектес еріндер-әртүрлі мәселелерді мейлінше тез шеше алатын аса белсенді адамдардың сипаттамасы.

  • Жоғарғы қалың ерін-тым намысқор,менмен,өзімшіл адамды көрсетеді.

  • Ал,жұқа ерін-зұлымдық пен қатыгездікке бейім адамда болады.

  • Ал,шығып тұратын жоғарғы еріндер-өзінің ісін талдап,өзі сараптап отыратын және көңіл-күйі тез өзгермелі адамдарға бітеді.

  • Егер жоғарғы ерін төменгі ерінді толығымен қымтап,жауып тұрса-онда сіздің алдыңызда өзіне-өзі сенбейтін,онша болуы мүмкін.

  • Төменгі еріннің ерекшеленіп,дүрдиіп алға шыға көрінуі-адамның өзімшіл екендігінің және жеке бас өмірінде жолы бола бермейтіндіктің белгісі деп те саналады.

  • Көтеріңкі ерінділер-әдетте өте сенгіш келеді.Оларды алдау,бардан-жоққа сендіру өте оңай.

Дайындаған: Психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Дереккөз : anabol.kz

Базардағы сатушы туралы тәмсіл
Үйіңіздің жинақы әрі таза болғанын қалайсыз ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу