Өткенге өкінбеу үшін не істеу керек?

Oinet.kz 28-02-2019 3552

135-1476219914-fc34c58616.jpg

Сіз өткенге өкінетін боларсыз?  Іштей тұнжырап жүргенде шығарсыз ендеше төмендегі психологтың көмегіне құлақ асыңыз:

  • Сіз өткенді ойлаумен күн өткізетін болсаңыз, сіздің адамадарға деген сеніміңізде жоғала бастайды.

  • Өткенге деген өкініш адам жанын ауыртпай ғана қоймай, денсаулықты құртатынын білетін боларсыз.

  • Адам неғұрлым уайымшыл болған сайын, өмірден түңіліп кетуіде ғажап нәрсе емес.

  • Сіз тек болашаққа жарқын ұранмен қараңыз.

  • Таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын ұмытпаңыз.

  • Сенімділікті арттыру үшін, адам өз бойындағы ұнамсыз мінезімен күресуі шарт.

  • Өкінішті сәттер мәңгілік есте қалары анық, тек жақсы сәттерді көбірек ойлауға тырысыңыз.

  • Жалғыз қалдым деп айтуға, болмайды өйткені сіз әліде жақсы дүниелерді жасаған жоқсыз.

  • Адам өз бойындағы жақсы қасиеттерді көрсете алған жағдайда ғана, көңілді әрі қуанышты сәттер көбірек туындайтыны анық.

  • Сіз өкінгеннен келер еш пайда жоқ, тек өзіңізді жегідей уайыммен басасыз. Айналаға қараңызшы қызықты дүниелер көп.

  • Өзіңізге ұнайтын іспен шұғылданыңыз.

  • Әр күннің өз несібесі бар соңына дейін сабырмен күтіңіз.

  • Жақсылық жасаудан жарысыңыз. Нәтижесін соңында көресіз.

  • Адамдарға шынайы болыңыз.Ұнамаса айтыңыз.

  • Қарсылық танытатын жандармен күресудің бір жолы үндемей құтылу ондай адамдармен санасудың қажеті жоқ.

  • Күліп жүріңіз сізге күлген жарасады.

  • Сенімді болғыңыз келсе сізде сенімді адамдармен араласыңыз.

  • Жарқын жүзді болыңыз өкінішпен ешнәрседе бітіп қалған жоқ.

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Дереккөз : anabol.kz

Сіз холериксіз бе? Әлде, сангвиник, меланхоликсіз бе?
«Ол қызға үйленбе». Тәмсіл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу