Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Хинг Ши таңертең ерте өзінің шәкіртімен бақта серуендеп жүрген кезде олардың қасына бір жас жігіт келеді. Жігіт ұялыңқырап тұрады да, Хинг Ши мен оның шәкіртіне сәлемдесіп болған соң:
— Ұстаз, мен бір қызға қатты ғашықпын, ата-анамыз да қарсы емес сияқты, бірақ мен өзімнен өзім қобалжып, уайымдап жүрмін, - дейді жігіт.
— Нені уайымдап, неден қорқып жүрсің, — деп сұрайды сол кезде Хинг Ши.
— Мен ол қыздан, отбасылық өмірден көңілім қала ма деп қорқамын... Дұрыс қадам жасап отырғанымды алдын ала біле алмаймын ғой, — деп жауап береді жігіт.
— Үйіңе қайт та, егер шын жақсы көріп тұрсаң, ол да сені сүйіп тұрса, сол қызға үйлен, — деп жауап береді Хинг Ши.
Жігіт дана қарияға алғысын айтып, кетіп қалған соң, шәкірті:
— Ұстаз, ана жігіт көңілім қала ма деп қорқамын десе, неге сіз оған үйленуге кеңес бердіңіз? Біраз кейінге қалдыруға болмас па еді? — деп сұрайды.
— Сен бір нәрсені ұмытпа! Көңіл қалу алда күтіп тұруы мүмкін үлкен бақыт үшін түкке тұрмайтын ақы! — деп жауап береді Хинг Ши.
Дереккөз : anabo.kz