Ұстаған сөмкесіне қарап қыздың қандай екенін білуге болады
Қыз сөмкесі – қазіргі таңда ең негізгі аксессуар болуымен қатар, қыздың жан-дүниесін түсіну үшін де пайдаланылады. Ғасырлар бойы ер адамдар әйел жанын түсінуге тырысып келе жатыр. Ал испан елінің психологтары гардеробтағы ең басты аксессуар әйел жанын түсіндіре алатынын дәлелдеді. Көлем, пішін, түс және сөмкені ұстау мәнері – мұның барлығы қыз мінезінің көрсеткіштері.
Көлем. Үлкен сөмке иелері – мақсатына берік, жігерлі және көп оқыған жандар. Әдетте, олар сүйікті әйел мен қамқор ана болады. Үлкен сөмке ұстаған әйел өмірдегі жағдайларды қиындатпайды, барлық нәрседе қарапайымдылықты ұнатады. Кішкентай сөмке ұстайтын қыздар өткір оймен ерекшеленеді. Қалжыңды жақсы түсінеді. Олар әрқашан өмірден не қалайтынын біледі. Мұндай қыздардың сырт келбеті әдемі болғандықтан, жігіттер назарын жиі аударады.
Түр. Қатал түрдегі сөмкелерді іскер әрі пысық қыздар ұстайды. Олар іскерлік стильдегі киім кигенді ұнатады. Өздерін бағалайды және жеке тұлғасына басқа адамдардың ерекше назар аударғанын ұнатпайды. Басқа сөмкелерге ұқсамайтын дизайндағы сөмкені кертартпалыққа қарсы қыздар ұстайды. Мұндай қыздардың сырт келбеті жақсы, жан-дүниесі өте нәзік. Сын мен ұрысты ауыр қабылдайды.
Түс. Қара түсті сөмке ұстайтын қыз ақша санауды біледі. Ол көп сөйлемейді. Достарын және өмірлік жарын ұзақ уақыт таңдайды, бірақ таңдауы дұрыс болады. Ашық түсті сөмкелерді белсенді, батыл қыздардың қолынан көре аламыз. Бірақ олардың көңіл-күйі ауа-райы сияқты өзгермелі. Ақшыл және жылы түсті сөмкелер иесінің сезімтал екенін көрсетеді. Сонымен қатар жомарт әрі тәкаппар қыздар да осындай сөмке таңдайды.
Ұстау мәнері. Сөмкені ұстағышынан ұстайтын қыздар жұмысын тап-тұйнақтай етіп атқарады, қатал әрі ұқыпты болады. Сөмкені шынтақ бүгілісіне қойып ұстайтын қыздар – өздері үшін жауап бере алатын қыздар. Олар ақылды, пысық, бірақ қулық жасауды мүлде білмейді. Сөмкені иыққа салып, қолын түсіріп жүретін қыздар іштей өздеріне сенімді емес, ал егер қол аяқ сияқты қозғалып тұрса, бұл – жарқын өмір сүретін қызға тән мінез.
Дереккөз : anabol.kz