Әрбір қыз білуі тиіс құпиялар

Oinet.kz 27-02-2019 2518

Төмендегі кеңестердің керегіңізге жарарына күмәніңіз болмасын. Оларды тәжірибеңізге енгізіп, жақындарыңызбен бөлісіңіз.

1. Сақинаның ішін тырнаққа арналған түссіз лакпен бояп қойсаңыз, саусақта сақинаның ізі қалмайды.

2. Пемзамен киіміңізді қыл-қыбырдан тазалаңыз.

3. Қол сөмкелерін пердеге арналған ілгекке ілуіңізге болады. Бәрі қаз-қатар жинақты тұрады.

4. Ақ шарап қызыл шараптан қалған дақты кетіреді. Сондықтан да киіміңізді қызыл шараппен былғап алсаңыз, тезірек үстінен ақ шарап құйыңыз. Сонда еш дақ қалмайды.

5. Бірнеше кілттің ішінен керектісін оңай табу үшін тырнаққа арналған түрлі лактарды пайдаланыңыз.

6. Шарапты қатырылған (мұздатылған) жүзіммен суытуға болады. Сонда шарап су татып тұрмайды.

644-1476220588-f6690bc479.jpg

7. Магнит таспасын төмендегідей керегіңізге жаратыңыз. Шашқа тағатын ұсақ түйреуіштер әр жерде шашылып жатпасын.

8. Есіктің ішкі бетіне ілгек қағып, шаш кептіретін, бұйралайтын керек-жарақтарыңызды іліп қоюыңызға болады.

9. Қасық-шанышқы салатын ескі лотоктарды әшекей бұйымдарды салуға қолданыңыз.

10. Орамалдар мен мойынорағыштарды киімілгішке іліңіз.

11. Аяқкиімнің сасық иісінен арылу үшін ішіне ас содасын себіңіз. Ол жағымсыз иісті ғана емес, түрлі бактерияларды да жояды.

12. Шарап бөтелкесінің тығындарынан төмендегідей тақта жасауға болады. Ескертпелеріңізді жапсырып қоюға өте ыңғайлы.

13. Етіктердің қонышы майысып, сыны кетпесін десеңіз, ілгішке іліп қойыңыз.

14. Кірпік бояуы оңай жағылуы үшін щеткасын жылы суға салып алыңыз.

15. Шашқа немесе киімге жабысқан сағызды оңай алу үшін мұзды қолданыңыз.

Дереккөз : anabol.kz

Әжіміне қарап адамның қандай екенін білуге болады
Сынық айнаға қарамаңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу