Тек адал ас ішкен адам
06-11-2023
Қуырылған картоп тағамынан бас тартатын адамдар арамызда аз болар. Өйткені алтын түстес дәмді ас кімнің болса да тәбетін ашады. Етсіз де картопты дәмді етіп қуыруға болатынын біреу білсе, біреу білмес. Бүгін біз ас үй ханшайымдарына картопты дәмді етіп қуырудың бірнеше тәсілі мен құпиясын айтпақпыз. Картопты майға қуыру үшін шойын ыдысты немесе болаттан жасалған түбі тереңірек табаны таңдаған дұрыс. Сонымен қатар арнайы қуыруға арналған ыдыстарды да қолдануға болады.
Картопты әртүрлі етіп турауға болады: тілшелеп, кесек-кесек қылып, домалақ күйінде, төртбұрыштап немесе текшелеп турасаңыз да өз еркіңіз.
Картопты қуыру үшін оның крахмалын азайту керек. Ол үшін картопты салқын суда отыз минут немесе бір сағат шамасында ұстау керек. Сонда картоп крахмалының жарты мөлшерінен айырылады. Бір сағат уақыт өткен соң картопты судан шығарып кептіреміз. Әйтпесе суы бар картоп майға салғанда жан-жағына шашырап қызады.
Картопты кез келген маймен қуыруға болады: тоң май, іш май, өсімдік майы, т.б. Ал дұрыс тамақтану жолын ұстанатындар өсімдік майымен қуырылған картопты таңдайды. Майдың мөлшері картоптың мөлшеріне байланысты құйылады. Сонымен қатар бұл тағам түріне де байланысты.
Картопты салмас бұрын алдымен майды дұрыстап қыздырып аламыз. Май қатты қызып кетсе де денсаулыққа зиянды. Сонымен қатар ол тағамның дәміне де әсер етпей қоймайды.Май аз болып қалған күннің өзінде картопты қуырып жатқанда май құймаңыз. Картопты алтын түсті болғанша, яғни сарғайғанша екі бетін қуырып, содан соң отты бәсеңдетіп беті жабық күйде пісіріп аласыз.Тағамның пісу уақыты картоптың санына байланысты. Егер сіз көп мөлшерде картоп қуырып жастаңыз, олар пісіп үлгерем дегенше біраз уақыт кетеді.Тұз бен дәмдеуіштер салғанда да ескеретін бірнеше қағида бар. Тұзды картоп пісуге жақындағанда салушы болмаңыз. Оны орта тұсында салу керек. Ал дәмдеуіштерді де сөйтуге болады.Егер картопқа пияз, сәбіз, бұрыш секілді көкөністер қосып қуырып жатсаңыз, арнайы дәмдеуіштердің көмегіне жүгінбегеніңіз абзал.
Дайындаған: Айдос Айгерім
Дереккөз: everything.kz