Жомарт жүрек

Oinet.kz 03-09-2019 862

Screenshot_22.jpg

Қайырымдылық – әлемді құтқарады, жанғ ажылу беріп, мейірімге қандырады. Арамызда қолы ашық, жанашыр жандар жеткілікті. Түркістандық Атымтай Жомарт азаматтар «Жомарт жүрек» базалық жоба аясында бүгінде талай отбасыға қол ұшын беріп, алғысын арқалады. Мамандардың мәліметінше аталмыш бағдарламаны  жүзеге асыру мақсатында облыста жалпы аз қамтамасыз етілген, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға, Ұлы отан соғысы ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға 2019 жыл басынан бүгінгі күнге дейін 73 адамға азық –түліктей және қаржылай барлығы 1525,0 мың теңгенің көмегі көрсетіліпті.

Мәселен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» иегері, кәсіпкер Сырым Ертаев өз есебінен тұрмысы төмен Алтынтөбе-2, Қарабау-3, Жаңабазар-2 отбасыларына, жалпы-7 үй салып берді. Және әр жылы басқада ауыл округтерінен 2 үйден тұрмысы төмен,көп балалы отбасыларға салатын болады. Қазығұрт ауылынан мұқтаж 2 отбасыға салынып жатқан үй құрылысы жұмыстары таяу уақытта аяқталып, қолданысқа беріледі.

Жақында  «Жомарт жүрек» жобасы бойынша кәсіпкер Қазығұрт  ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың қолынан марапат алды.  Әкім жомарт кәсіпкерге ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына жасап жатқан істеріне алғыс айтып, алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


Зияткерлік мектеп ашылды
Жақсы бата – жан азығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу