Зияткерлік мектеп ашылды

Oinet.kz 03-09-2019 746

Screenshot_21.jpg

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жастардың тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Осы орайда түркістандық жазушы, профессор Құлбек Ергөбек балаға білім берімен қатар тәрбие беретін зияткерлік мектеп ашты.    

Жаңа ділім ошағында балалар сабақтан тыс уақытта домбыра, би, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы секілді үйірмелерге қатысып, ой өрісін дамытатын істермен айналысады. Биылғы жаңа оқу жылында іске қосылған білім ошағы 200 балаға лайықталған. Мұнда балалар қазақ және орыс топтарына қабылданыпты. Ал, ұстаздар ішінде арнайы Елордадан келіп жұмыс жасап жатқандар да бар. Мектептегі басты ерекшелік 1 және 4 сынып оқушылары білім мен қатар ұлттық тәлім-тәрбие ала алады. Ағылшын, латын әліпбиі тереңдетіліп оқытылады. 

     Жазушы мектеп ашу жұмыстарына мемлекеттен 46 млн теңге қаржы алған. Кәсіпкерлердің қолдауымен мектеп ішін қажетті құрылғылармен жабдықтаған. Балалардың ой өрісін дамыту үшін, олардың ұлттық болмысын күшейту үшін, алдымызға жоспар құрдық. Алдымен бастауыш сынып аштық.Оқушылар саны алдағы уақытта көбейе түседі деген ойдамыз - дейді мектеп директоры Б.Адырбек.

    Баланың бос уақыты болмаса жат әдеттерге бой алдырмайды. Ал баланың бос уақыты болмауы үшін түрлі үйірмелерге қатысып, шығармашылықпен айналысуы өте маңызды. Аталмыш мектеп болашақта дарынды, өнерлі, зияткер жастарды тәрбиелеп шығуға септігін тигізбек. 


Қылует жаңартылып жатыр
Жомарт жүрек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу