Жатын бөлмені қалай дұрыс жабдықтау керек?

Oinet.kz 26-02-2019 1169

710-1476219898-e4268db3cd.jpg

Кез келген жатын бөлменің ең басты жиһазы – жайлы да кең төсек. Әдеттегі жайылмалы диван емес, нақты төсек болуы тиіс. Төсектің аяқтары биік немесе еденге жайылған матрас іспеттес болуы мүмкін.

Сондай-ақ жатын бөлмеге киім-кешекке арналған шкаф, төсек жаны тумбасын, кітап-журналға арналған стеллаж, таңғы асқа арналған төсекүсті үстелшесін орналастыруға болады. Орын жеткілікті болса, отырып кітап оқитын немесе кофе ішуге ыңғайлы жұмсақ кресло да артық етпейді. Ал теледидар көріп, компьютерде жұмыс жасау сияқты істерден бұл бөлмеде бас тартқан жөн. Ең бастысы, жатын бөлмеңізді басы артық дүниелермен толтырмаңыз. Жатын бөлмесі ұйықтап, тынығуға арналған орын болғандықтан, бос орынды барынша мол қалдыруға тырысыңыз. Бұл сіздің көңіл күйіңізді көтеріп, жеңілдік сезімін сыйлайды.

Дайындаған: Айдос Айгерім

Дереккөз: szh.kz  anbol.kz

Көктайғақта қалай сақтануға болады?
Тұтқаға тұнған кірді қалай кетіруге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу