Бөгенде тірліктер тындырымды

Oinet.kz 02-09-2019 693

Screenshot_12.jpg

Ордабасы ауданындағы елді-мекендерге көгілідір отын тартылауда. Айталық Бөген ауыл округіне қарасты 2 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген. Бұл туарлы Бөген ауыл округі әкімінің міндетін уақытша қоса атқарушы Нұрбақыт Мұсаев  Аудан әкімі Әліпбек Шәріпбекұлымен өткен жиында мәлімемді. Бөген ауыл округінде атқарылған жұмыс барысы жөніндегі есепті баяндамада бұдан өзге өңірдің экономикалық, әлеуметтік жжағдайын жайында мәліметтер айтылды. 

Мамандардың мәліметінше Кемер ауылының таза ауыз су жүйесінің жобалау-сметалық құжаттары да қазіргі таңда сараптамаға ұсынылыпты. Ал бүгінгінің өзекті мәселесі атаулы әлеуметтік көмекті алуға 180 өтініш беріліп, 102-сі қанағаттандырылса,  "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасына 215 адам қатысып, 26 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 4 азамат кәсіпкерлік негіздерін оқуға жолданыпты. Екі азамат шағын несиеге қол жеткізген.

Нұрбақыт Мұсаев өз есебінде  2019-жылға ауыл округі бойынша "ЛБК" каналын механикалық тазалау, екі көшені жарықтандыру, екі көшенің жолын асфальттау, Кемер ауылындағы медициналық бекетті іске қосу жоспарланғанын жеткізді.

Өзекті мәселелерді саралаған аудан басшысы шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті. Сондай-ақ ауыл округі әкіміне инвестиция тарту, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.


Ет экспорты артып отыр
Арыстағы жұмысты бағамдап қайтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу