Арыстағы жұмысты бағамдап қайтты

Oinet.kz 02-09-2019 593

Screenshot_13.jpg

Жақында Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы Арыс қаласына жұмыс сапарымен барып, 13-сектор штабында атқарылған тірліктермен танысты.

Штабтың жұмысын қамтамасыз ету үшін Ордабасы аудан әкімдігінен 40 қызметкер, сектордағы тазалық жұмыстарын жүргізу үшін 5 арнайы техника жұмылдырылған.

13-секторда 17 көше, 371 жеке тұрғын үй орналасқан. Төтенше жағдайдың салдарынан 198 үйге зақым келген. Зақымданған үйлердің барлығына Ордабасы ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен ақау актілері жасалды. Қазіргі таңда 198 жеке тұрғын үйде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Әліпбек Шәріпбекұлы тұрғындармен кездесіп, Ордабасы ауданынан Арыс қаласына көмек мұнымен толастамайтынын жеткізді. Сонымен қатар, штабтағы жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

  Айта кетейік, Арыстағы апаттан соң жұдырық болып жұмылған қазақ елі жаппай қаланы қалпына келтіруде. Әр аудан мен республикадағы облыстарға бір штабтан бөлініп, Арысты көркейту, абаттандыру тапсырылған болатын. Бүгінде жарылыстан зардап шеккен шаһардың бойына қан жүгіріп, үйлер жөнделіп, көшелер жөнделуде. 


Бөгенде тірліктер тындырымды
13 сектордың тұрғындарымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу