Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Жақында "Rgmedia.kz" ақпараттық порталына әйел кісі хабарласты. Аты-жөні - Бәтима Ембердіқызы. Ол ұзақ жыл Қытайда тұрып, қазір ата жұрты Қазақстанға көшіп келіпті. Мұнда жеке кәсіппен айналысып жатқан Бәтима ханым Қазақстанға үлкен қауіп төніп тұрғанын ашына жеткізді. Бір өкініштісі, оны біз, қазекеңдер байқамай отырмыз. Байқасақ та, немқұрайлық танытып отырмыз. Ал, мұндай немқұрайлық - "ұлттық трагедияға" алып келеді. Қалай дейсіздер ме?
- Өткенде қазақ қыздарына Қытайлықтар құда түсе бастапты. Бұл енді барып тұрған сұмдық. Әрі алаяқтық деуге болады. БАҚ-та қытайлық күйеубалаларды өте бай деп жарнамалаған. Ал, олар шынында бай ма? Оған кім нақты кепілдік бере алады? Біздің қаракөз қыздар "бай" дегенге қызығып, оларға ойланбай тұрмысқа шығып кетуі әбден мүмкін. Мен өзім Қытайда ұзақ жыл тұрдым. Қытай халқының қазақ халқына жаны мүлдем ашымайды. Қытайда мынандай саясат бар. Егер қытай азаматы шетел азаматшасымен некелессе, оларға белгілі бір көлемде ақшалай сыйақы береді. Мысалы, 10-15 мың доллар көлемінде. Қазір нақты қанша екенін ұмытып тұрмын. Қытайдағы арнайы орындарға шетел азаматшасымен некелескен құжатты көрсетке болды. Міне, Қытайлықтар қазақ қызына қарақан басының мүддесі үшін ішкі есеппен үйленеді. Ішкі есеппен үйленген еркек әйелін сыйлай ма? - деді Бәтима Ембердіқызы. Соынмен қатар, ол:
- Және тағы бір айта кетер жайт! Қытайда еркек көп. Оларда шетелдік қыз-келіншектерге сұраныс өте жоғары. Мысалы, осы Қазақстанда "модель керек! Жалақысы өте жоғары!" дегендей жарнамаларды оқтын-оқтын кездестіріп қаламыз. Оңай ақшаға қызыққан қыз-келіншектерді "Таня апай" Қытайға апарады. Осында жұмыс бар деп."Бай боласың! Бай азаматпен отбасы құруыңа мүмкіндік өте жоғары! Шетелден шетел қоймай аралайсыңдар!" деген жылтырақ сөздерді құлағына әбден құйып тастайды. Әлгі қыз бұған мәз болып қалады. Осылайша, "Таня апай" модель болуға асыққан қыздарды қармағына түсіріп, Қытайға келісілген, тапсырыс берген жерге апарып тастап, ақшасын сытырлатып санап алып, тайып тұрады. Ары қарай әлгі "модель қыздар" құлдыққа салынады. Қандай құлдық екенін өздеріңіз білесіздер. Сіздер білмейтін шығарсыздар, бұрынырақта әрбір бұрыштан табылатын "Таня апай" "модель болып, қырып ақша табасың" қазақ қызын Кореяға ертіп барған ғой. Содан кейін тапсырыс берген оңбағандар Кореяда әлгі қызды әбден қорлаған. Күніне 10-20-дан астам еркекке қызмет көрсетуге мәжбүрлеген.
Жалпы, айтқым келгені, бұл - терең ойластырылған дүние. Қытайда қыздарға ана, әйел деп емес, басқаша қарайды. Нәпсіқұмарлықпен. Қазақ қыздары бақытын тек Қазақстаннан таба алады. "Модель-подель" секілді жарнамаға қызықпаңыздар дегім келеді. Оңай жерде нан жоқ. "Пәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ". Және бізге шекараны қымтау керек.
Әлгінде жоғарыда айтып өттім, неке агенттігі қызметкерлерінің бізге айтқаны: "Ол жақтан келетін қытай күйеужігіттерінің айлық табысы $80 000 құрайды дейді". Оған кім кепіл? Қытайға тиген қазақ қыздарының ол жақтағы тағдырына кім кепіл? Оларды елдеріне алып барып жезөкшелікке салып жібермеуіне кім кепілдік береді? Және сіз өзіңізді қытайлық күйеубалалармен таныстыратын агенттікке 25 мың теңге төлейді екенсіз. Қызметі үшін. Көзі ашық бірден біледі, бұл - алаяқтық, - деп айтты.
Қысқасы, ұлт жанашыры Бәтима Ембердіқызы көкейінде мазалап жүрген көптеген ойларды бүкпесіз баяндап берді. Ол қазақ билігінде отырған көптеген орысша сөйлеп, орысша ойлайтын шенеуіктерге наразы екенін айтты. Қысқасы, қазақы мінез қазаққа - қазақы мінез қазақтан басқа ешкім жанашырлық танытпайды. Осыны ұмытпау керек!
Мұрағаттан, 2017 ж