Жансейіт Түймебаев: «Сіз сияқты данышпандармен асықпай отырып сөйлесеміз»

Oinet.kz 23-08-2019 1120

Screenshot_15.jpgКүні кеше Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейінов және  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті директорының міндетін атқарушы Алмаз Нұразханның қатысуымен «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» аталымының аясында үш жақты қол қою рәсімі өтті. 

Жалпы, Түркістан - тарихы тым тереңде жатқан қала. Бұл қала кезінде қазақ хандарының резиденциясы болды. Әйгілі Әмір Темір осында әлемді сән-салтанатымен таң-тамаша қалдырған Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салдырды. Өз заманында дүрілдеген Түркістан қазір қаншалықты насихатталуда? Облыс әкімі қазіргі қала тіршілігіне қысқаша көз жүгіртіп өтті. Сөз соңында салтанатты түрде биыл Түркістанда - "Түркі әлемінің мәдени астанасы" аталымының аясында көптеген мәдени-рухани іс-шаралар өткізілетінін хабарлады:

- Біз осындай мәдени іс-шаралар өткізу арқылы шетелдерден туристер тарта аламыз. Мысалы, шартты түрде айтсақ, біздің Оңтүстікке бір жылда миллион турист келсе, оның әрқайсысы 100 доллардан қалдырып кеткен күнде, бюджетке 100 миллион доллар түседі екен. Бұл 100 миллион доллар шамамен 33 миллиард теңге төңірегінде. Ал, бұл 33 миллиард теңге – облыс бюджетінің 20 пайызы. Міне, бір туризмнен қанша ақша түсіруге болады! Сондықтан да, бізге Түркістан секілді қастерлі орындарды кеңінен насихаттау керек! 

Ресми жарыссөз аяқталғасын кезек брифингке келіп жетті. Жазушы-журналист, профессор Құлбек Ергөбек Түркістанды облыс тарапынан насихаттап  жатқанын қолдайтынын, дегенмен кейбір жайттар мазалап жүргенін ашып айтты. Мысалы, Түркі сөзі қаншалықты дұрыс? Және облысты Асқар Мырзахметов басқарып тұрған тұста "Көрме орталығы" ашылған еді. Сол көрмеге әйгілі КСРО халық суретшісі Орал Таңсықбаевтың есімін беруді және сонда суретшінің фотокөрмесін өткізуді ұсынды. Бұдан бөлек, Құлбек Ергөбек көптеген кемшін болып тұрған тұстарды жіпке тізгендей баяндап, оны шешу жолдарын айтты. Әрине, оны шешу үшін мемлекет тарапынан қолдау керек. Жазушы-журналист көсіле сөйледі. Оны байыппен тыңдаған облыс әкімі: 

- Құлбек мырза, сіз сияқты данышпандармен асықпай сөйлесеміз. Жөн, мәселе көтеріп отырсыз. Бұл мәселелерді сіздей кісілермен бірігіп отырып талқылайтын боламыз. Мекемтас аға отыр, Мархабат аға отыр. Бір күні бәріміз жиналып, ақылдасамыз. Ал, "түрік" және "түркі" сөздеріне тоқталсақ, мен түрколог ретінде жауап берейін. XII ғасырда түрік ұлтының бір бөлігі Жерорта теңізі маңындағы қазіргі Түркияға көшіп кетеді. Сонда тұрақтап қалып, өздерін түрік, елдерінің атын Түркия деп жариялайды. Осыдан кейін түрік ұлтының басқа бөліктері "түрік" деген атаудың орнына "түркі" деген атауды ойлап табады. Біз, түбі бір - түркі еліміз, - деп жауап берді.

Мұрағаттан, 2017 ж

Рахым Тәңірбергенов: «Түскі ас менен, құрметті білім басқармасы!»
Қытайда ұзақ жыл тұрған азаматша қытай еркектері жайлы бар шындықты айтып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу