Қарағанды облысының әкімі Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Ерлан Қошанов Қазақстан президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды деп хабарлайды Ақорда.
"Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын", - деген президент қаулысында.
Айта кетейік, Ерлан Қошанов бұл қызметті Қырымбек Көшербаевты алмастырды. Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы еліміздің мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.