Еліміздегі ең белсенді әкім кім?

Oinet.kz 19-09-2019 1328

Screenshot_2.jpg

Елімізде қоғам өміріне етене жақын араласатын, халықпен тығыз байланыс жасайтын ең белсенді әкім анықталды. Оқырмандар таңдауы бойынша үздік әкім ретінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов танылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Oinet.kz

KAZ.NUR.KZ ең белсенді әкімді анықтау үшін  жүргізген сауалнамасы  бойынша, шыққан нәтиже: 

Жалпы, сауалнамаға 4422 адам қатысты. Оқырмандардың 30,6%, яғни 1,351-і Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа дауыс берген. Нәтижесінде ол "ең белсенді әкім" атанды.

Амандық Ғаббасұлы Баталов - 1952 жылы 22-қарашада дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын бітірген. Мамандығы – инженер-гидротехник.

Еңбек жолын 1975 жылы Алматы қаласындағы "Казглавселезащита жобалау-құрастыру бюросының аға инженері болып бастап, әр жылдары құрылыс саласында түрлі жауапты қызметтер атқарды.

Кейін Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары, Алматы қаласы Ленин аудандық әкімшілігінің басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі, Алматы облысы әкімінің орынбасары болды.

2008 жылдың сәуірінен - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2014 жылдың 20 тамызынан бастап – Алматы облысының әкімі.

Қарағанды облысының әкімі Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық ауыс-түйістер туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу