Шетелдік жұмысшылардың жергілікті мамандардан жалақыны екі есе көп алатыны дәлелденді
Шетелдік компанияларда арнайы тексеру жүргізген Бас прокуратура мен еңбек инспекциясы - Шетелдік жұмысшылардың жергілікті мамандардан жалақыны екі есе көп алатыны дәлелденді, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
"Бас прокуратура мен Еңбек инспекциялары 63 мекемеде тексеру жүргізіп жатыр. Оның 38інде тексеру аяқталды. Өкінішке қарай, соның 19-ында 161 факті осындай қазақстандық пен шетелдік азаматтар арасындағы жалақы айырмашылығы айқындалып отыр", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
Әйтсе де, екі есе деген ресми мәлімет қана, іс жүзінде 4-5 есе кем алып жүргенін қазақстандық жұмысшылар талайдан бері айтып та, тиісті орындарға жазып та жүр. Ал заң бойынша қызметкерлерге жұмысқа кіргенде ұлты мен азаматтығына қарамастан теңдей жағдай жасалуы тиіс.
Естеріңізде болса, жақында ғана Маңғыстау облысында «М-Техсервис» компаниясының жұмысшылары жалақыларын 65 пайызға көтеру туралы талап қойған болатын. Компания басшылығы келісіп хаттамаға қол қойғанымен, іс жүзінде орындамаған.
Қазір бұл мәселемен тиісті министрлік және облыс басшылығы айналысып жатыр. Осы жағдайдан кейін Бас прокуратура мен Еңбек инспекциясы барлық шетелдік компанияларды тексеруге кіріскен болатын