Божко: «Ешкімді ренжіткім келген жоқ. бірақ масылдыққа қарсымын»

Oinet.kz 10-09-2019 1662

Картинки по запросу Божко

Қазақстан мәжілісінің депутаты Владимир Божко "билік көмектесіп жатқандар мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек" деген сөзі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі "Азаттық радиосы" сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс отырысынан шыққан Божко "Ешкімді ренжіткім келген жоқ. бірақ масылдыққа қарсымын. Осыны айтқым келген" деді.

Депутат Азаттық тілшісінің "желіде Божко мырза айтқан сөзі үшін халықтан кешірім сұрауы керек деген пікір айтылып жатыр. Бұған не дейсіз?" деген сауалына ол "тағы қайталап айтамын, масылдыққа қарсымын. Сондықтан солай айттым" деді.

Пікірі желіде сынға ұшырап, жұрт "депутаттан кешірім сұрауды талап еткен". Нұр-Сұлтанда бір топ әйел Ақорда маңына барып, Божконың шығуын талап қылған.

Түркістан облысында 40 жас шамасындағы алаяқ әйел қолға түсті
Шетелдік жұмысшылардың жергілікті мамандардан жалақыны екі есе көп алатыны дәлелденді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу