Президент: «Азаматтық қоғам өз пікірлерін ашық айта бастады»
Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырыс өтіп жатыр. Отырысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етуде, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі.
"Біз елімізді жаңғыртуымыз қажет. Баршаңызға белсенді азаматтық ұстаным мен ортақ іске қосқан үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Халық бізден нақты ұсыныстар мен нәтиже күтіп отыр. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі осы міндетті ойдағыдай жүзеге асыратын бірегей құрылымға айналады деп сенемін. Біз халық сенімін ақтауымыз керек. Әрбір азаматтың мүддесі біз үшін өте маңызды. Отандастарымыз ел болашағына бейжай қарамайтын болды. Ашық түрде өз пікірлерін айта бастады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, азаматтық қоғам белсенді бола бастады. Бірақ кейде қоғамға кемелдену жетіспейді. Дегенмен, оған да біртіндеп қол жеткізіледі.
«Бұл дегеніміз, біздің демократия нығайып келеді, ал азаматтық сана патриоттық құндылықтарға негізделіп келеді деген сөз», - деді Тоқаев.