Жасырын дауыс беру нәтижесінде Назарбаева Сенат спикері болып тағайындалды

Oinet.kz 02-09-2019 2266

2019050709143324513_2019041110255414111_dr-sm-705x470.jpgДепутат Дариға Назарбаева жасырын дауыс беру нәтижесінде қайтадан сенат спикері болып тағайындалды.

Оған сенаттың бірінші жалпы отырысына қатысқан 48 депутат дауыс берген. 

Сенат депутаты, сайлау комиссиясының төрағасы Әлімжан Құртаев атап өткендей, қалыс қалған немесе "қарсы" дауыс бергендер болған жоқ.

"Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы, сізді сенат төрағасы болып сайлануыңызбен құттықтаймыз. Өзіңізге артылған міндеттерді абыроймен атқаратыныңызға сенімдіміз. Сенаторлар сіздің басшылығыңызбен әрқашан жемісті жұмыс істеуге дайын", - деді вице-спикер Бектас Бекназаров.

Мәжіліс депутаты Гүлнар Иксанова отставкаға кетті
Министр зейнетақы қорындағы ақшаны кімдерге алуға болатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу