Вашингтонда Трамп пен Эпштейннің мүсіні орнатылды
АҚШ астанасы Вашингтон қаласында белгісіз суретшілер тағы да қоғам назарын аудартқан мүсін орнатты. Бұл жолы олар АҚШ президенті Дональд Трамп пен Джеффри Эпштейн бейнеленген жаңа арт-инсталляция жасаған, деп жазады Оinet.kz.

“Әлем патшасы” деп аталған 12 футтық мүсінде Трамп пен Эпштейн әйгілі Титаник фильміндегі Джек пен Роузтың бейнесін қайталаған. Яғни бір-бірін құшақтап тұрған күйде бейнеленген.
Мүсіннің тұғырындағы тақтайшада: «Джек пен Роуздың қайғылы махаббат хикаясы сәнді саяхатқа, шулы кештерге және жасырын жалаңаш бейнелерге негізделген» деп жазылған.
Инсталляция АҚШ Капитолий ғимаратының алдында, Мэдисон-драйв пен Джефферсон-драйвының арасындағы 3-Батыс көшесінде орналасқан. Мүсіннің екі жағында Трамп пен Эпштейнге арналған он баннер ілінген.
Суретшілердің айтуынша, бұл акция президенттің федералды ғимараттарға өзінің үлкен баннерлерін ілу бастамасына «жауап» ретінде жасалған.
Айта кетейік, Джеффри Эпштейн ісі соңғы жылдары АҚШ-та үлкен резонанс тудырып келеді. 2025 жылдың қарашасында АҚШ Конгресі Эпштейн ісі бойынша ақпаратты жариялау туралы заң жобасын мақұлдап, ФБР құжаттардың миллиондаған бетін жарияланған. Бұл құжаттар Эпштейнмен байланысы болған көптеген ықпалды тұлғаларға қатысты жаңа мәліметтердің ашылуына себеп болды.


