Премьер-министр Ақтөбеде 18 мың теңгеге отандық күрте сатып алды
Фото Nur.kz
Бүгін премьер-министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбеге барды. Үкімет басшысы қаладағы арнайы киім дүкенін аралап жүріп, 18 мың теңгеге қыстық күрте сатып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Отандық өнімнің сапасына жоғары баға берген басшы екі жағында киюге болатын арнайы күртенің 54-өлшемін сұрады.
"Өте сапалы өнім. Ыңғайлы екен, бағасы да қолайлы. Енді жұмысқа, іссапарларға киетін боламын. Сіздерге де кеңес беремін", - деді премьер-министр.
Асқар Мамин өзінің суреті бар картамен төлем жасады. Сонымен қатар, үкімет басшысының көмекшісі да "Глобал" ЖШС-нің 860 теңге тұратын қалпағын алды.
Премьер-министр тігін фабрикасының жұмысына жоғары баға берді.