Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Филлипиннің президенті Родриго Дутерте өзінің америкалық әріптесі Барақ Обаманы «иттің баласы» деп тілдеп тастады.
30 тамызда CNN каналы Лаоста өтетін саммитте АҚШ президенті Б.Обама Р.Дутертемен кездесіп, Филлипиндегі адам құқықтары туралы сөйлесетіні туралы ақпарат таратқан болатын. Осы ақпарат Филлипин президентінің жүйкесіне тиіп кеткен сияқты.
-Сен алдымен адамды құрметтеуді үйренуге тиіссің. Бас алып, сұрақпен мәлімдемелермен жүгіргенді қой. Иттің баласы, мен саған саммитте көрсетемін,-деген Дутерте Обамаға елдің ішкі мәселесіне араласа бермей жайыңа жүр дегенді білдірген.
Биыл мамырда президенттік таққа отырған Дутерте есірткі саудасына қарсы күйрете соққы беруге уәде еткен. Ол есірткі саудасымен айналысқандарды өлтіргендерге медаль беріп, өлім жазасы қайта енгіземін деген еді. Осы уәдені орындау оңай болмай тұр. Президент болғанына бар-жоғы екі-үш ай уақыт өтсе де Филиппинде қаза тапқан бейбіт халықтың саны 2 мыңға жеткен. Оның 700-і полицейлік операция кезінде өлген. Барақ Обама онымен дәл осы мәселе төңірегінде тілдеспек болған сияқты.
Дутарте бұған дейін елдің ішкі ісіне араласа бересің деп, АҚШ елшісін «иттің баласы» әрі гомосексулист деп тілдеген болатын.
71 жастағы Р.Дутерте Давао қаласының мэрі болып ұзақ жылдар істеген. Оның «кәр төккіш» деген лақап аты бар. Мұндай лақап атты ол қылмыс әлемімен аяусыз күрескені үшін алған. Осы жылдары полиция мыңдаған қылмыскерлерді сотсыз қырып тастағаны соншалықты тәуелсіз құқық қорғаушылар Дутертені «ажал батальонының мэрі» деген атап кеткен болатын.
Айтқандай Дутерте егер ісіме араласа берсеңдер, Біріккен Ұлттар ұйымынан шығып кетемін деп қоқан-лоқы жасап отыр.
Мұрағаттан, 2016 ж