Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков орынбасарлары мен аппарат басшысына жетекшілік ететін салаларын бөліп берді. Соныменен...
Бұған дейін қаланың бас идеологы саналатын әкімнің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов; Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына; Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына; Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасына; Тұрғын үй басқармасына бақылау жасайтын болады.
Ал әкімі орынбасарлығына жуырда тағайындалған Айдын Кәрімовке: Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы; Қаржы басқармасы; Мемлекеттік сатып алу басқармасы; Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы; Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының жұмыстарына жетекшілік жасау бұйырды. Сонымен бірге онгың функциясына құқық қорғау, арнайы және прокуратура органдармен жұмысты үйлестіру кіреді. Айтпақшы, «Shymkent» ӘКК-нің жұмысына бас-көз болу да осы орынбасардың міндетіне кіреді.
Нұрсадық Ергешбектің еншісіне; Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы; Құрылыс басқармасы; Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы; Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы кіреді.
Ал қала әкімінің орынбасары қызметіне өткен аптада тағайындалған Сәрсен Құранбек иедология салаларына жетекшілік жасайтын болады. Дәлірегі оның құзырына Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы; Дін істері басқармасы; Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы; Денсаулық сақтау басқармасы; Білім басқармасы; Дене шынықтыру және спорт басқармасы енді.
Қала әкімінің аппарат басшысы Ержан Сейтенов аудан әкімі аппараттарына; Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасына, Цифрландыру басқармасына; Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына; Қала әкімі аппаратының «Іс басқармасына» бақылау жасайды.
Сыздықбеков жуырда қызметінен кеткен Шымкент қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаевтың орнына Маратбек Мықтыбеков тағайындады.
Ол 2005–2023 жылдары жеке секторда және спорт саласында жауапты басшылық қызметтер атқарған. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымында қызмет атқарған.
Қазіргі уақытта Шымкент қалалық әкімдігіне қарайтын кем дегенде алты басқармада басшының орны бос тұр. Олар құрылыс, мәдениет, туризм, ішкі саясат, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармалары. Күні кеше қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова қызметінен кетті. «Арқа жылы болса, арқар ауып несі бар» деген сөз еріксіз еске түседі. «Ауып кеткен» кадрлардың орнын кімдер басар екен?