Премьер-министр: «Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемі төмен деңгейде»

Oinet.kz 30-07-2019 1484

Screenshot_18.jpg

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында осылай деді. Бұл жөнінде Baq.kz тілшісі хабарлайды. 

"Қазіргі таңда мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемі төмен деңгейде қалып отыр. Бұл көрсеткіш 35 пайыздан аспайды. Ал Ресейде - 40, Беларусьте - 50, дамыған елдерде - 80 пайыздан астам. Отандық өңдеуші кәсіпорындардың толық жұмыс бабына шықпауына, жабдықтардың тозуы және шикізаттың жетіспеуіне байланысты бұл кәсіпорындар қосымша өсімді қамтамасыз ете алмай отыр", - деді Асқар Мамин отырыста.

Өз сөзінде Үкімет басшысы кейбір мал шаруашылығы өнімдерін шетелден сатып алатынымызды, осы тәуелділіктен тезірек арылу керектігін айтты. Премьер-министр жалпы ауыл шаруашылығы саласында төмен көрсеткіш көрсеткен өңірлерді де атады. 

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мал шаруашылығының жалпы өнімі 10,5%-ға ұлғайғанын айтқан еді.

Тоқаев Францияның қаржы министрін қабылдады
Шымкентке жаңа әкім тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу