«Aстана LRT» бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

Oinet.kz 30-07-2019 937

Screenshot_6.jpg

Үкіметте өткен брифингте "Астана LRT" ЖШС басқарма басшысы Бекмырза Игенбердинов, компанияның бұрығын басшысы Талғат Арданға қатысты қылмыстық із қозғалғанын мәлім етті. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

"Астана LRT" бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа агенттік департаменті тергеушілерімен қылмыстық іс қозғалды, оны қамауға алу туралы өтініш жолданды. 

Сот шешімі бар, оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазір Интерпол осы мәселемен айналысуда", - деді Бекмырза Игенбердинов.

Айта кетейік Ардан аталмыш қызметтен 2017 жылдың шілде айында кеткен еді.

Қорықшыны өлтірді деген күдіктіні қамау туралы қаулы шығарлды
Ішкі істер министрі орынбасарының қызметінен неге қуылғанын түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу