Қорықшыны өлтірді деген күдіктіні қамау туралы қаулы шығарлды
Сот "Охотзоопром" инспекторы Қаныш Нұртазиновты өлтірді деген күдікпен ұсталған Арқалық қаласының 45 жастағы тұрғынын екі айға қамау туралы қаулы шығарды деп хабарлайды Қазақпарат.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция қолданғанын мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, ер адамның үстінен қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 бөлігі 2 бөімшесі ( "Адам өлтіру") бойынша іс қозғалған.
Еске сала кетсек, Ақмола облысында браконьерлер шабуылы салдарынан "Охотзоопромның" бір инспекторы қайтыс болып, тағы бірі зардап шекті.
Жедел іздестіру барысында күдіктілер қолға түсті.