Антикор: Мұғалімге сыйлық алуға қатаң тыйым салынады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілдері мектепте ақша жинау фактілері туралы хабарлауды сұрады.
«Оқу жылының аяқталуына байланысты, білім беру мекемелерінде түлектер кешін ұйымдастыру жоспарланады. Сондай-ақ мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін ақша жинау қаупі бар. Осыған орай азаматтарға мұндай әрекеттерге бару заңмен қатаң тыйым салынғанын айта кету маңызды.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңының 22-бабы 1-1 тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатынын ескертеміз», - делінген ведомство хабарламасында.