Абылай Мырзахметов абақтыда қамауда отыр

Oinet.kz 11-05-2023 437

1645162602kfypm_1000x768.jpg

10 мамырда Антикоррупциялық қызмет «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының экс-төрағасы А.И. Мырзахметовті ұстады. Бұл туралы Антикоррупциялық қызметтің ресми өкілі Арман Тлеукенов мәлімдеді.  

Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деп күдіктенеді.

Күдікті Астана қаласы ПД УҰИ-на қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде.

Тергеу жалғасуда.

-ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі,-деді Тілеукенов.

Бейресми ақпараттарға қарағанда, қылмыстық істегі параның көлемі 30 миллион доллар көрінеді. 


Антикор: Мұғалімге сыйлық алуға қатаң тыйым салынады
Қамауға алынған Мырзахметовтың меншігінде қандай дүниелер бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу