Назарбаев зардап шеккендерге көмек көрсету қорына ақша аударды

Oinet.kz 25-06-2019 2631

Screenshot_70.jpg

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев әскери бөлім қоймаларындағы оқ-дәрі жарылысынан зардап шеккен Арыс тұрғындарына көмек көрсету қорына ақша аударды деп хабарлайды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Твиттердегі парақшасында. 

Twitter-де Айдос Үкібай Елбасы Арыс қаласында болған төтенше оқиға салдарынан зардап шеккен адамдардың тағдырына алаңдаулы екенін жазды.

"Елбасы мен Тұңғыш президент кеңсесінің қызметкерлері көмек көрсету мақсатында бір күндік жалақысын тиісті қорға аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды орын алған қайғылы оқиғаға және азаматтарымыздың қайғысына бей - жай қарамауға шақырды", - делінген хабарламада.

Screenshot_69.jpg

Танымал кәсіпкер зардап шеккендерге 20 тонна жеміс өнімдерін және 10 миллион теңге көмек берді
Қазақстандағы ең танымал кәсіпкер Арысты қалпына келтіруге 100 млн. теңге бөлді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу