Танымал кәсіпкер зардап шеккендерге 20 тонна жеміс өнімдерін және 10 миллион теңге көмек берді

Oinet.kz 25-06-2019 15975

Screenshot_68.jpg

Кеше Арыс қаласында әскери қоймада жарылыс болып, оның зардабы бүкіл қалаға тиді. Арыстықтар қаланы тастап, жан-жаққа сауғалап қашты. Мемлекет тарапынан қала тұрғындарына көмек беріліп жатыр. Бір қуантарлығы, зардап шеккендерге кәсіпкерлер де қол ұшын созуда.

Елімізге белгілі кәсіпкер Болатбек Нәжіметдинұлы Әлиев ағайынға ауыртпашылық түскен тұста, бұл мәселеден шет қалған жоқ. Өзі негізін қалаған «Dala fruit.kz» компаниясының 20 тонна әр түрлі өнімдері мен 10 млн.теңге қаражатты көмекке мұқтаждардың қажеттілігіне аударды деп хабарлайды Aigak.kz.

Болатбек Әлиев қазіргі таңда «Dala fruit.kz» компаниясын басқарады. Көпшілік Болатбек Нәжіметдинұлын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып қызмет істеген кезінен жақсы таниды.  

«Вот, Батька – красавчик»
Назарбаев зардап шеккендерге көмек көрсету қорына ақша аударды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу