Украинада қанша қазақстандық соғысып жүр?

Oinet.kz 23-04-2019 931

1504093777-5868-zsu.jpg

Атырау соты Украинадағы соғысқа қатысқан азаматқа қатысты үкім шығарды. Оған  «шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысты» деген айып тағылған болатын. Сотталушы азамат өзін-өзі жариялаған Донецк халық республикасындағы соғысқа қатысуға 2014 жылдың мамырынан бастап дайындалған. Отты жерге кету үшін тиісті азаматтармен интернет арқылы байланысқан. 2014 жылдың маусымында ол алдымен Ресейдің Астрахань қаласына барады. Бұдан кейін автобуспен Ростов-на -Дону қаласына келген. Осы жерде қажетті азаматтармен жолығады.  2014 жылдың 14 шілдесінде ол еріктілердің тобымен бірге Украинаның аумағына өткен. Донецкіде алғашқы әскери дайындықтан өткен соң ДХР Қарулы күштері жетекшілерінің әртүрлі тапсырмаларын орындаған. Атап айтқанда зениттік қондырғылармен пилотсыз ұшатын ұшақтарды атқылауға қатысқан. 

Атырау облыстық баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда Украинадағы соғысқа қатысқан азамат үш жылға бас бостандығынан айырылған.

Қазақстанда бұған дейін Сирияда соғысып жүрген бірнеше азамат заң алдында тиісті жазасын алды. Кейіннен белгілі болған мәліметтерге қарағанда Сириядағы жиһадтқа аттанғандардың алды 2011 жылы кеткен. Алайда көпшілік мұны 2013 жылдың күзінде интернетке Сириядағы қазақтар туралы бейнематериал түскен кезде бірақ білді. 

Дәл қазір Украинада қанша қазақстандықтың соғысып жүргенін кім айта алады?  Сауал бар. Жуап жоқ. 

Мұрағаттан, 29.04.2015 ж

Тұрбеков өтірікті қиыстырып айтса қайтеді?
Әндіжан: Өзбекстанға өзгеріс әкелген қантөгіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу