Назарбаевқа қойылған ескерткіштер. Қайда? Қашан?

Oinet.kz 22-04-2019 1308

Н.Назарбаевтың Алматыдағы ескерткіші тұңғыш Президент паркіндегі «Қазақстан» монументалдық-скульптуралық композицияның ішінен 2011 жылы қойылды. 2009 жылы Астанада «Қазақ елі» монументінің ортасына Назарбаевтың бейнесі салынған барельев? орнатылды. 

Елбасының атымен аталатын  нысандар көп. Оның аты Түркиядағы, Иорданиядағы және Шешенстан мен Ингушетиядағы көшелерге берілген. Шешенстанда  бір лицей Н.Назарбаевтың атында. Қазақстанның бірнеше облыстарында Тұңғыш президент саябақтары салынған. Назарбаев орталығы, Назарбаев университеті және Назарбаев мектептері жұмыс істейді. Елбасының есімімен қызғалдақтың бір түрі аталады. Сондай-ақ, Назарбаев ордені бар. 1998 жылы Іле Алатауындағы шыңдардың бірі президенттің құрметіне Нұрсұлтан деп аталды. 

Screenshot_17.jpg

Түркияда

Анкарадағы Елбасының ескерткіші 2010 жылы ашылған. Ескерткішті Гюрсель Чаталтепе деген мүсінші жасаған. Ескерткіште Н.Назарбаев креслода отыр.  Биіктігі 2,6 метр, тұғыры 2,5 метр. Ескерткіштің өзі қолдан құйылған, тұғыры мәрмар тастан жасалған. 

Мамандардың айтуынша, Н.Назарбаевтың Анкарадағы ескерткіші өзгелерден көп ерекшелене қоймайды. Мұндай ескерткіштер Түркияда жүздеп саналады. 

Screenshot_18.jpg

Қырғызстанда

Ескерткіш 2005 жылы Елбасының 65 жылдық мерейтойы қарсаңында қойылған. Асқар Ақаев қызметінен кетерден аз уақыт бұрын. Сол жылдары оппозиция Орта Азия елдеріндегі ағын су мәселесіндегі шиеленістерді алға тартып, Назарбаев пен Ақаевтың арасы суып бара жатыр дегенді жиі айтатын. Осы аралықта Ақаев Ыстықкөлдің жағасынан бұрынғы құдасына ескерткіш орнатуға тапсырма беріпті. Осыдан кейін жоғарыдағы әңгімелер сап тыйылғанға ұқсайды. 

Ақаев биліктен кеткен соң ескерткішті алып тастайды деген қауесет тараған. Алайда Қ.Бакиевтің өкіметі оған тиіскен жоқ. 

583ebccaa353f.jpg

Украинада

Днепродзержинск қаласында Н.Назарбав бір кездері білім алған оқу орнының алдына қойылған. 2013 жылы Украинада саяси тұрақсыздық басталып, ескертіштерді қирату сәнге айнала бастаған кезде бір топ белсенділер Назарбаевтің мүсінін алып тастауды талап еткен. Алайда олардың бұл талаптары билік тарапынан қолдау тапқан жоқ. 

Шымкентте Елбасының ескерткіші орнатыла ма?
Әрбір президент Куан Ю-дей болуды армандайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу