Елімізге 200 мыңнан астам ресейлік кірді - министр

Oinet.kz 04-10-2022 1371

21 қыркүйектен бастап Қазақстанға неше ресейлік келіп, неше ресейлік елден шығып кетті?  Үкімет кулуарында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Screenshot_7.jpg

"Бұл мәселе біздің бақылауымызда. Мобилизация басталғаннан бері Ресейдің 200 мыңнан астам азаматы елімізге келді. Бірақ бүгінгі таңда 147 мыңы шығып кетті. Әрине ішінара мобилизация жарияланған кездерде үлкен кептелістер болды. Кешеден бастап бұрынғы қалпына келді. Мысалы, кешегі күнді алатын болсақ, Ресейдің 7 мыңнан астам азаматы мемлекетімізге кірді, 11 мыңға жуығы шығып кетті. Сондықтан қазір келгендер шығып жатыр. Миграциялық ахуал бақылауда. Жан-жақты қарап жатырмыз", - деді Марат Ахметжанов.

Премьер-министр еліміздегі сапасыз жолдарға қатты ашуланды
Түркия мен Әзірбайжан Президенттері Армения басшысы Пашинянды мазақ қылды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу