Путин Назарбаевты не үшін жек көретіні белгілі болды

Oinet.kz 26-09-2022 1757

РФ Президенті Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты жек көреді екен. Бұл туралы Ресейдің бұрынғы бірінші вице-премьері Михаил Полторанин мәлімдеді деп хабарлай Exclusive.kz сайты. 

Screenshot_8.jpg

Назарбаев билікті Тоқаевқа тапсырды, алайда оны толығымен бергісі келмеді. Сондықтан Тоқаев қашып кетеді, елде тәртіпсіздіктер орын алып, Дариғаны уақытша тағайындаймын, ал кейін халық Назарбаевты қайтарайық,– дейді, сөйтіп жаңа сайлауға барамын деген үмітте болды. Осындай ойда жүрді. Бірақ Назарбаев, Тоқаевтың Ресей елшілігіне жүгінетінін ескермеді. Осы сәтте көмекке ҰҚШҰ келіп қосылды, сөйтіп аталмыш ұйым Тоқаевтың билігін сақтап қалды. Ал, осынау қаңтар оқиғаларының барлығын Назарбаев кланынан шыққан адамдардың жасағаны белгілі. Мен Қаскелең шатқалын жақсы білемін, онда отбасы базарларын күзететін жас жігіттер -жауынгерлік жасақтар жаттығу жасайды.

– Дейтұрғанмен, неліктен Путин көмек қолын Назарбаевқа емес, Тоқаевқа ұсынды?

– Себебі ол Назарбаевты жек көреді, Путин өзіне қарағанда, беделді әрі тәжірибелі көрінетін қазақ көшбасшысына қызғанышпен қарайтын және бойын қорқыныш пен үрей билейтін, - дейді Михаил Полторанин. 

Назарбаев туралы фильмге бюджеттен 2,7 миллиард теңге жұмсалған
Пәтеріне шетелдікті тұрғызған азаматтарға 91 890 теңге айыппұл салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу