Отставкаға кетуге дайынмын - Мәдениет министрі

Oinet.kz 01-06-2022 934

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев министрлер кабинетінің отырысынан соң сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінген Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сауалға жауап берді. 

Screenshot_3.jpg

Дәурен Абаев Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты.

"Сұрақ маған арналмаған. Біздің қызметкерлерге қатысты қандай тергеу жүргізіліп жатқанын мен қайдан білемін? Әдетте бұндай ақпарат айтылмайды ғой. Мен әріптесім туралы (Арыстанбек Мұхамедиұлы – ред.) сұрақтан қашпаймын. Мен қазір жұмыс істеп жатқан қызметкерлерді қорғаймын. Мұхамедиұлына қатысты айтсақ, тергеу жүргізіліп, сот өз үкімін шығарады деп ойлаймын", - дейді министр. 

Сондай-ақ Дәурен Абаев Ұлттық музейдің сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін деген күдік расталса, қызметінен кете ме деген сұраққа да жауап берді. 

"Егер бұл іс менің тұсымда болса, онда мен отставкаға кетуге дайынмын. Оның қашан болғаны туралы сұрақты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіне қою керек", - дейді Мәдениет және спорт министрі. 

Бақытжан Сағынтаев жаңа лауазымға тағайындалды
Маусым айынан бастап қазақстандықтар жоғарылатылған зейнетақы алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу