Әйелдердің зейнет жасы қашан қысқарады? - Вице-министр жауап берді

Oinet.kz 12-05-2022 7442

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов әйелдердің зейнет жасын қысарту мәселесі Әлеуметтік кодекс аясында талқыланатынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Screenshot_12.jpg

«Зейнет жасын қысқарту керектігін көтеріп жүрген санаттар шынымен көп. Бұл мәселе талқыланады. Өйткені обьектиивті түрде айтсақ, бұл оңай мәселе емес. Әлеуметтік кодекс жыл аяғына қарай қабылданады. Оған дейін бірнеше талқылау жүреді. Әйелдердің зейнет жасы қазір 60 жас мөлшерінде. 2027 жылға дейін осы қалыппен ұзарады. Сондықтан күн тәртібінде бұл мәселе тұр», - деді Ералы Тоғжанов. 

Айта кетейік, Қазақстан Халық партиясы әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету туралы ұсыны көтерген болатын.

Ресей солдаттары бейбіт тұрғындарды малша қырып салды (видео)
Ресей Мәскеуде Украинаның «жаназасын» шығарды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу