Путин бес қазақстандықты арнайы марапаттады
28-03-2023
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов БАҚ өкілдеріне баспасөз алаңында Беларусь, Ресей және Украинадан келетін мигранттар легіне қатысты қазақстандықтардың үрейіне қатысты пікір білдірді.
"Менің ойымша, бұл жерде жағдайдың тиімді тұстарын да байқау керек. Егер бізге білікті мамандар келсе, олар өз орнын тауып, кәсіп бастап, жаңа жұмыс орындарын ашып, салық төлейді. Бұдан Қазақстан тек ұтады деп ойлаймын. Және, әрине, ол бәсекелестікті күшейтеді. Біздің бизнес бәсекеге дайын болуы керек. Бәсекелестік болған кезде түптеп келгенде кім жеңеді? Халық ұтады, өйткені тауар мен қызмет сапасы жақсарады", - деді ол.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанға еңбек мигранттарының басым бөлігі қайдан келетінін айтқан болатын. Сондай-ақ, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та ресейліктердің Қазақстанға қоныс аударуы туралы сөз қозғаған.