Шпион жайлаған Қазақстан

Oinet.kz 22-04-2022 2253

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасады, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинап, жария етті деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Қазақстанда кейінгі кездері осындай тыңшыларды құрықтау жиілеп кетті. 

Screenshot_6.jpg

Комитеттің хабарлауынша, ұсталғандардың арасында шет мемлекеттің азаматы да бар. 

«Осы жайттарға байланысты Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу соты ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық істердің «Құпия» белгісі бар, осыған байланысты және тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген ҰҚК-ның ресми хабарламасында.

Ал мұның алдында аталған комитет елордада Мемлекет басшысы қасым-Жомарт Тоқаевқа және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті «А» деген Қазақстан азаматының ұсталғанын хабарлаған болатын. 

Артынша  белгілі блогер М.Козачков телеграмм каналында күдікті жайлы қызық мәліметтерді келтірді. Оның жазуынша,  ұсталған азаматтың аты-жөні Атығаев Аян Қанышбекұлы. 1980 жылы туған, Қарағанды облысының тумасы. Негізгі мамандығы – журналист («Известия Казахстан» газетінің журналисі). Екінші мамандық – құқықтану. 

-Аян Атығаев биылдың қаңтар айынан бастап елордада заңгер болып жұмыс істейді, яғни лицензия алған. Бірақ ол туралы таныс заңгерлердің ешқайсысы естімеген, білмейді, танымайды. Оның снайперлік мылтығы болғаны рас. Мылтықты елге Шығыс Еуропаның бір республикасынан бөлшектеп әкелген, – деп жазыпты блогер. Кейінірек журналистің «Известия-Казахстан» «Курсив» деп аталатын басылымдарда жұмыс істегенін, сонымен бірге Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде баспасөз хатшысы қызметін атқарғаны белгілі болды. 

Қазақстанда тыңшылардың жиі ұсталуы нені білдіреді? 

Путин жеңіске жеткен Шойгуды құттықтады
Аймағамбетовке арзан пиар қажет емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу